8(7132) 24-23-72

Телефон

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі,166

Адрес

Дүйсенбі – жұма

жұмыс уақыты

Рухани жаңғыру бала шақтан

Мектеп және мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінде заманауи инновациялық әдістерді, «Жеті ойыншық» авторлық жобасы бойынша дайындалған жетілдірілген ұлттық ойыншықтарды қолдану арқылы баланы жан-жақты дамыту бөлмелері.

     Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан басты проблемалардың бірі екені шүбәсіз. Елбасымыз да өзінің жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек екендігін баса айтқан. «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады», — деп атап көрсеткен. Ұлт бесігінде тербетілген, ұлттық құндылықтарды ерте жастан бойына сіңірген баланың болашағы жарқын, санасы сәулелі, көңілі кіршіксіз, жаны нәзік, сергек, сезімтал болатыны анық. Бала қоршаған ортаға сәби санамен, кәусар көңілмен қарайды. Ұлттық тәрбие – ұлағат  үлгісі екенін назарға ала отырып, заманауи инновациялық әдістерді, жетілдірілген ұлттық ойыншықтарды қолдану арқылы баланы жан-жақты дамыту бөлмелерін 7 аймаққа бөлдік:

  1. «Зияткер»- Сиқырлы сандар аймағы.
  2. «Ұлы дала ұланы»- Күнделікті өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыру аймағы
  3. «Зерделі ұрпақ» — Сенсомоторлық аймағы,
  4. «Ұлы дала сазы» — Шығармашылықты дамыту аймағы,
  5. «Ғажайыптар әлемі» — Жаратылыс тану аймағы. (Экологиялық, қарапайым биологиялық, физикалық, химиялық түсініктер)
  6. «Тіл- Қазына» — Тіл дамыту аймағы.
  7. «Ұлы дала ұлағаты» — Туған жер, тарих – этномәдениет аймағы.